• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы №234

546 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 26 наурыз,  Астана қаласы Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтын 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. ШКОЛЬНИК «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ____________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 27 наурыз Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленген. Осы Қағидалар энергетикалық жабдықты, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауды, монтаждауды, пайдалануды, жөндеуді, ретке келтіруді және сынауды жүзеге асыратын электр энергетикалық саласындағы ұйымдардың персоналына, сондай-ақ электр қондырғыларының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын немесе электр энергетикасы саласында сараптау жұмыстарын орындайтын персоналға және энергия өндірісінің технологиялық процесін басқаруды қамтамасыз ететін персоналға қолданылады. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аварияға қарсы жаттығулар – ықтимал технологиялық бұзушылықтар, өтеу және бұзылған энергиямен жабдықтауды құлақтандыру, оқшаулау, жою және қалпына келтіру бойынша бірінші кезектегі іс-қимылдарды игеру және қабылдау жөніндегі жаттығулар; 2) әкімшілік-техникалық персонал – техникалық және жедел қызмет көрсетуді, энергия қондырғыларында жөндеу, монтаждау және ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын басшылар мен мамандар; 3) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны; 4) жедел басшылар – ауысымда өздеріне бекітілген объектілерге жедел басшылықты жүзеге асыратын жедел персонал қатарынан қызметкерлер санаты; 5) жедел персонал – энергия қондырғыларын жедел басқаруды (тексеру, жедел қайта қосу, жұмыс орнын дайындау, жұмыс істейтін персоналға рұқсат беру және оларды қадағалау) жүзеге асыратын персонал; 6) жедел-жөндеу персоналы – өздеріне бекітілген энергия қондырғылар көлемінде жедел түрде қызмет көрсету үшін арнайы оқытылған және даярланған жөндеу персоналы қатарынан қызметкерлер санаты; 7) жөндеу персоналы – энергия қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді, оларды жөндеуді, реттеуді және сынауды тікелей жүзеге асыратын қызметкерлер; 8) жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде өздерінің еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны; 9) қайталау – қайталаушыны дайындауға жауапты тұлғаның бақылауымен атқарылатын энергия қондырғысын басқару немесе жұмыс орнында басқа да функцияларды жүзеге асыру; 10) қосалқы персонал – қолданыстағы энергия қондырғылары аймағында жұмыс атқаратын қосалқы кәсіптер қызметкерлер санаты; 11) құрылымдық бөлiмшенiң басшысы – ұйымның басшысымен еңбек шартын (келісімшарт) жасасқан немесе ол құрылымдық бөлiмшенiң қызметiн басқару үшiн тағайындаған адам (бастық, шебер, меңгерушi және оның орынбасарлары); 12) маман – ұйымның электр шаруашылығына жауапты адамдардың және ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша басшысы болып табылатын адамдарды қоспағанда, әкімшілік-техникалық персонал қатарынан адам; 13) нұсқама – қызметкерлердің барлық санаттары үшін міндетті персоналмен жұмыс нысаны; 14) персоналмен жұмыс – персоналдың өндiрiстiк функцияларды орындауы үшін оның қажетті кәсiптік бiлiм деңгейін қолдауды қамтамасыз ететін өндірістік қызмет нысаны; 15) тағылымдама – жұмысты немесе жұмыс топтарын орындау дағдыларын тікелей жұмыс орнында практикалық игеру; 16) энергетикалық объект – өз құрамында электр техникалық және жылу-техникалық жабдықтар мен қондырғылары бар энергетикалық ұйымның өндірістік бөлімшесі (учаске, цех, кешен); 17) энергия қондырғысы – энергияны өндіруге немесе түрлендіруге, беруге, жинақтауға, таратуға немесе тұтынуға арналған өзара байланысты жабдықтар мен құрылыстар кешенi. 2. Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу тәртібі 1-параграф. Негізгі талаптар 3. Жедел және жедел-жөндеу персоналымен, энергия қондырғыларын басқаруды жүзеге асыратын жедел басшылармен жұмыс келесі түрлерде өткізіледі: 1) жаңа қызмет бойынша дайындау, оның ішінде: 2) білімді мерзімдік біліктілік тексерулер; оқыту; 3) аварияға қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулар; жұмыс орнында тағылымдама; 4) нұсқамалар; білімді бастапқы біліктілік тексеру; 5) біліктілігін арттыру. қайталау; 4. Жөндеу персоналымен жұмыс келесі түрлерде өткізіледі: 1) жаңа қызмет бойынша дайындау, оның ішінде: 2) білімді мерзімдік біліктілік тексеру; жұмыс өндірісінің қауіпсіз әдістеріне оқыту; 3) аварияға қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулар; жұмыс орнында тағылымдама; 4) нұсқамалар; білімді бастапқы біліктілік тексеру; 5) біліктілігін арттыру. 5. Бөлімшелердің басқарушы қызметкерлерімен және осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында аталған персоналдың санатына жатпайтын мамандармен жұмыс төмендегілерден құрылады: кіріспе және, қажет болған жағдайда, мақсатты нұсқамалардан; білімді бастапқы және мерзімді білімді біліктілік тексерулерден; аварияға қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулардан; біліктілігін арттырудан. 6. Қауіптілігі жоғары энергетикалық емес объектілерге (білдек жабдығы, құрал-сайман, жүк көтергіш механизмдер, отты, дәнекерлеу және жөндеу-құрылыс жұмыстары, цех ішіндегі көлікті басқару) қызмет көрсету немесе олармен жұмыстарды орындайтын қосалқы персоналмен жұмыс төмендегілерден тұрады: техникалық пайдалануды және қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқытудан; жұмыс орнында тағылымдамадан; білімді бастапқы және мерзімдік біліктілік тексерулерден (қауіпсіздік техникасын, жұмыс түрлерінің күрделілігіне қарай арнайы нормаларды білу); нұсқамалардан; аварияға қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулардан; кәсіби біліктілгіні арттырудан. 7. Басқа мамандар, қызметшілер мен жұмысшылар – энергия қондырғыларына және басқа технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсетумен байланысты емес қызметкерлер үшін, персоналмен жұмыс келесі түрлерде өткізіледі: нұсқамалар (кіріспе және, қажет болған жағдайда, мақсатты); электр қауіпсіздігі бойынша сабақтар; аварияға қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулар; кәсіби немесе арнайы біліктілігін арттыру. 8. Барлық жаңадан қабылданған қызметкерлер жұмысқа алынған күннен бастап бір ай ішінде оқыс жағдайлардан зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша дайындықтан өтеді. 9. Зиянды (аса зиянды), қауіпті (аса қауіпті) және қолайсыз өндірістік факторларымен жұмысқа, сондай-ақ жерасты жұмыстарына адамдарды қабылдау алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейін және денсаулығының жайы бойынша қарсы көрсеткіштердің жоқтығы анықталғаннан кейін жұмыс берушімен жүзеге асырылады. 10. Әрбір ұйымда персоналды медициналық тексеруден өткізу үшін жауапты адам тағайындалады. 11. Медициналық тексерудің нәтижелері қызметкердің біліктілік куәлігіне енгізіледі. 12. Қызметкер медициналық тексеруден жалтарған жағдайда немесе өткізілген тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстарды орындамаса, қызметкер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек міндеттерін орындаудан шеттетіледі. 13. Қызметкердің электр энергетикасы саласындағы жұмыстарға жарамдылығының нәтижелері медициналық тексерістен кейін, қызметкердің жеке ісіне қосылады. 14. Кәсіптерді (қызметтерді) қоса атқарып жүрген адамдарды дайындау және біліктілігін қолдау үшін негізгімен қатар, қоса атқарып жүрген кәсіп (қызмет) үшін де қарастырылған персоналмен жұмыс түрлері толық көлемде қолданылады. 15. Электр энергетикасы саласындағы жұмыстарды орындау үшін энергетикалық ұйымдардың объектілеріне персоналды іссапарға жіберген ұйым іссапарға жіберілген персоналдың күрделілігі мен сапасы бойынша орындайтын жұмыстың электр энергетикасы саласындағы біліктілік білімінің сәйкестігін, осы персоналдың объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын энергетикалық ұйымдардың қызметкерлері үшін белгіленген көлемде электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары және нұсқаулар жөніндегі білімін қамтамасыз етеді. 2-параграф. Ұйымдық талаптар 16. Әрбір энергетикалық ұйымда персоналмен жылдық жұмыс жоспары әзірленеді және басшымен бекітіледі. Құрылымдық бөлімшелерде персоналмен тоқсандық, айлық жұмыс жоспарлары құрылады. 17. Персоналмен жұмыс жоспары төмендегі бағыттар бойынша іс-шараларды қамтиды: персоналды дайындау (басшыларды, мамандарды және жұмысшыларды), оның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқытудан өту; электр энергетикасы саласындағы білімді біліктілік тексеру; нұсқамалар; аварияға қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулар; біліктілігін арттыру; техникалық кітапханалардың, техникалық кабинеттердің, қауіпсіздік техникасы бойынша кабинеттердің, полигондардың, жаттығу дайындықтарының орталықтары мен пунктерінің жұмысын ұйымдастыру; жұмыс орындарын тексеру; кәсіби шеберлік және персоналмен жұмыстың басқа ұжымдық түрлері бойынша жарыстар өткізу; персоналды мерзімдік медициналық тексерулерден өткізу. 18. Жалпы объекті бойынша персоналды дайындау, біліктілігін арттыру және қолдау процесін басқару ұйымның бас техникалық басшысына жүктеледі. 19. Жұмысшыларды, басқарушы қызметкерлерді және мамандарды дайындау, біліктілігін арттыру және қолдауды жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау кадрларды дайындау жөніндегі мамандар мен осы функциялар жүктелген басқа да қызметтердің қызметкерлерін қатыстырып, кадр бөлімімен жүзеге асырылады. 20. Энергия объектілерде мамандандырылған оқу-өндірістік бөлімшелердің (оқу-курстық комбинат немесе тұрақты әрекет ететін курстар, жаттығу дайындықтары және басқа орталық немесе пункт) жұмыс істелуі қамтамасыз етіледі. Персоналды дайындау үшін оқу-өндірістік бөлімше оқыту мен жаттықтыру техникалық құралдарымен жабдықталынатын полигондар, оқу сыныптар, шеберханалар, зертханалар орнатады. 21. Әрбір энергетикалық ұйымда техникалық кітапхананың жұмыс істелуі қамтамасыз етіледі. 3-параграф. Жаңа қызмет бойынша дайындау 22. Жаңа қызмет бойынша дайындауға тиісті кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі. Дайындауға рұқсат берілген адамның білім деңгейіне және жұмыс өтіліне қойылатын талаптар тиісті лауазымдық нұсқаулықтарда немесе біліктілік сипаттамасында көрсетіледі. 23. Тиісті білімі немесе жұмыс тәжірибесі жоқ алғаш жұмысқа қабылданған, сондай-ақ жаңа қызметке ауыстырылған адамдар тиісті саладағы оқу нысаны бойынша дайындықтан өтеді. 24. Объектілерге қызмет көрсетумен байланысты қызметкерлерді, сондай-ақ негізгі өндірістің жетекші кәсіптерінің персоналын дайындау оқу орталықтарында және оқу-курстық комбинаттарда (пунктерде) өткізіледі. Бұл кәсіптер бойынша жұмысшыларды жеке оқыту түрі жүргізілмейді. 25. Салынып жатқан немесе қайта құрылған (жаңғыртылған) энергия қондырғылары үшін персоналды дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру бойынша озық іс-шаралар қарастырылады. Дайындау ұзақтығы енгізілген жабдықтың күрделілігіне, қуаты деңгейіне, күрделілігі бойынша жаңадан еңгізілген технологиялық процестер деңгейіне байланысты анықталады. 26. Қызметкерлерді жаңа қызметі бойынша дайындау бас техникалық жетекшімен бекітілген әрбір қызмет пен әрбір жұмыс орны үшін әзірленген үлгі бағдарламалар бойынша өткізіледі. Қызметкердің санатына байланысты бағдарламада дайындау кезеңдері мен олардың барынша ұзақтығы анықталады. 27. Жедел басшылар үшін үлгі бағдарламасы негізінде бас техникалық жетекшімен бекітілетін жеке дайындау бағдарламалары құрастырылады. Жеке бағдарламада әрбір дайындау кезеңінің ұзақтығы мен қажеттілігі қызметкердің біліміне, оның техникалық білімінің деңгейіне, сабақтас қызметтер бойынша тәжірибелік жұмыс өтіліне байланысты белгіленеді. 28. Жеке бағдарламалар жедел персоналдын негізгі жұмыс орындарында олардың тікелей басшылары болып табылатын жедел басшыларға теориялық дайындықты, білімді біліктілік тексеруді, тағылымдаманы, қайталауды, сондай-ақ жұмыс орындарында олардың жедел қарауында болатын жабдықпен тағылымдаманы қарастырады. Бұл дайындау орындары мен түрлерінің тізбесі әрбір жеке жағдайда дайындалатын қызметкердің біліктілігі мен алдыңғы жұмысының сипаттамасына байланысты анықталады. 29. Ауысымдардың, цехтардың, электр бекеттерінің бастықтары (электр техникалық персоналдан басқа) электр жабдығына қызмет көрсету бойынша орындалатын жұмыс көлеміне байланысты кезекші электромонтердің жұмыс орнында тағылымдамадан және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын бере отырып, осы қызмет бойынша қауіпсіздік техникасы ережелері туралы білімін тексеруден өтеді. 4-параграф. Білімді біліктілік тексеру 30. Білімді біліктілік тексеру қызметкердің кәсіби дайындық деңгейін анықтаудың негізгі тәсілі болып табылады. Білімнің біліктілік тексеруін өткізу барысында қызметкердің лауазымдық нұсқаулықтарында көрсетілген, оның құзыретіне жататын мәселелері бойынша нормаларды білуі бағаланады. 31. Білімін біліктілік тексеруден, осы Қағидалардың 7-тармағында аталған қызметкерлердің санатын қоспағанда, ұйымда жұмыс істейтін барлық жұмыскерлер өтеді. Білімін біліктілік тексеруден босатылған адамдардың тізімі немесе мұндай тексеру талап етілмейтін қызметтер мен кәсіптердің тізбесі ұйымның бас техникалық басшысымен бекітіледі. 32. Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларына және қауіпсіздік қағидаларына білімін біліктілік тексеруден өту тәртібі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленеді. 33. Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері білімді біліктілік тексеруден осы Қағидаларға сәйкес өтеді. 34. Білімін біліктілік тексеруден өтуден бас тартқан, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулығына сәйкес білімін біліктілік тексеру кезінде электр қауіпсіздігі бойынша тобын растамаған жағдайда, қызметкер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен бекітілген тәртіпте міндеттерін орындаудан шеттетіледі. 35. Ұйым қызметкерлерінің білімін біліктілік тексеруді жыл сайын ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалатын тұрақты әрекет ететін комиссия (бұдан әрі – ТӘК) жүзеге асырады. 36. Ұйымның ТӘК құрамына ұйымның бас техникалық басшысы, ұйымның және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімшенің) техникалық басшылары кіреді. Ұйымның ТӘК-і үш адамнаң кем емес құрамда қалыптастырылады. 37. Ұйымның ТӘК-да білімін біліктілік тексеруден ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшы қызметкерлері, жедел басшылар, сондай-ақ осы қызметтерге тағайындалатын адамдар өтеді. 38. Ұйымның құрылымдық бөлімшесі ТӘК-ның құрамына осы бөлімшенің басшылары мен мамандары, сондай-ақ ұйқас бөлімшелердің мамандары кіреді. Құрылымдық бөлімшенің ТӘК-і үш адамнан кем емес құрамда қалыптастырылады. 39. Ұйымның құрылымдық бөлімшесінің ТӘК-нда білімін біліктілік тексеруден осы бөлімшенің қызметкерлері, сондай-ақ осы бөлімше бойынша білімді біліктілік тексеруі дайындау бағдарламасында көзделген адамдар өтеді. 40. Әрбір қызметкердің білімін біліктілік тексеру компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып тестілеу түрінде немесе жазбаша түрде жеке өткізіледі. 41. Білімді біліктілік тексеру хаттамасында, біліктілігі бойынша білімінің нәтижесінен басқа, қызметкердің атқаратын қызметіне (кәсібіне) сәйкестігі (сәйкессіздігі) бойынша комиссияның шешімі жазылады, қайталау мерзімі (жедел персонал ішінен адамдардың жұмысында білімді алғашқы тексерісте немесе ұзақ мерзімді үзілісте (үш аптадан алты айға дейін) тағайындалады, қайта тексеріс мерзімдері (білімінің жарамсыз нәтижелері бойынша) белгіленеді, өз бетімен жұмысқа рұқсат, лауазымдық нұсқаулық шеңберінде электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы көрсетіледі. Білімді біліктілік тексеруге хаттама осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. Тексерілуші комиссияның білімді біліктілік тексеру хаттамасымен қызметкердің білімді біліктілік тексеруі өткізілгеннен кейін үш сағат ішінде қол қойып таныстырылады. Қызметкерлердің білімін біліктілік тексеру хаттамалары ұйымда үш жылдан кем емес сақталады. Қызметкердің білімінің біліктілік тексерісінің нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік куәлігіне енгізіледі. 42. Өз құрамында энергетикалық қызметтері жоқ ұйымның қызметкерлері білімді біліктілік тексеруден өткен және электр қауіпсіздігі бойынша төртіншіден төмен емес тобы бар энергетикалық ұйымдардың мамандарынан құрылатын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық департаменттарымен құрылатын ТӘК-да білімді біліктілік тексеруден өтеді. 5-параграф. Тағылымдама 43. Салада әрекет ететін жүйе бойынша теориялық оқудан өткеннен кейін, жаңа қызмет бойынша дайындау негізінде жедел, жөндеу және қосалқы персонал тағылымдамадан өтеді. Тағылымдама жауапты үйретуші адамның басшылығымен өткізіледі. 44. Тағылымдамаға рұқсат ұйым немесе құрылымдық бөлімше бойынша өкімдік құжатпен ресімделеді. Өкімдік құжатта тағылымдама мерзімі, тағылымдамадан өтетін адамның тегі көрсетіледі және қызметкердің тағылымдама мерзіміндегі оқытуына жауапты адам тағайындалады. 45. Әрбір жұмыс орнында тағылымдама ұзақтығы кәсібі (қызметі), үйренушінің дайындығы ескеріліп, жекелей белгіленеді және екіден жиырма жұмыс күніне дейін құрылады. Жеке дайындау бағдарламасы болғанда, тағылымдама мерзімі осы бағдарламамен анықталады. 46. Лауазымдық нұсқаулығы шеңберінде дайындалушы қызметкер тағылымдама барысында: энергия қондырғыларын (электр қондырғыларын) іске қосу барысында техникалық іске қосу, қауіпсіздік техника нормалары мен ережелерін меңгереді; энергия қондырғыларының (электр қондырғыларының) схемаларын жұмыста пайдалану дағдыларын, пайдалану, сондай-ақ жедел және диспетчерлік (жедел персонал үшін) нұсқауларды біледі және алады; өз жұмыс орнында және шеттегі ұйым бөлімшелердің, шет ұйым басшылармен (тікелей және жоғарыдағы) әрекеттесудің, сонымен қатар жедел персонал үшін – технологиялық бұзушылық және оқыс жағдайлар жайлы хабарлау жүйесінің айқын бағдарын меңгереді; өндірістік операцияларды орындау барысында қажетті тәжірибелік дағдыларға үйренеді; қызмет көрсетілетін жабдықты авариясыз, қауіпсіз және үнемді пайдаланудың тәсілдері мен шарттары бойынша тәжирибелік дағдыларды оқып біледі және меңгереді. 6-параграф. Қайталау 47. Қайталау бастапқы біліктілікті тексеруден, жұмыста ұзақ үзілістен (үш аптадан алты айға дейінгі) кейін, сондай-ақ ұйым немесе құрылымдық бөлімшенің басшысының өкімдік құжатында көрсетілген жағдайларда тағайындалады. 48. Өкідік құжатта қайталау мерзімі және орны, қайталаудан өтетін адам көрсетіледі және қайталанушыны дайындау үшін жауапты адам тағайындалады. 49. Жедел басшыларға қайталауға рұқсат беру туралы жоғары тұрған және жедел бағынышты персонал, сондай-ақ диспетчерлік келіссөздер және жедел ауыстыру жүргізілетін жақтас ұйымдардың персоналы хабарландырылады. Бұл берілген және қабылданған ақпарат әр мүдделі тараптардың жедел құжаттамасында жазылады. 50. Бастапқы тексеріс барысында – қызметкерді қайталау ұзақтығы ТӘК-пен белгіленеді, немесе жұмыста ұзақ үзілістен кейін (үш айдан алты айға дейін) – нысан (құрылымдық бөлімше) басшысымен. Қайта дайындалатын қызметкерлердің қайталау ұзақтығы төмендегілерден тұрады: жедел басшылар (кезекші диспетчерлер, кезекші инженерлер, ауысым бастықтары, аға машинистер және басқа), қазандықтардың, турбиналардың, энергия блоктарының, гидробекітпелердің машинистері, қазандық және турбина жабдықтары бойынша машинист-қараушылар, электр станцияларын басқарудың бас қалқанының электр монтерлері, жылу автоматикасы мен өлшеу цехының кезекші электр слесарлары үшін – он екі жұмыс ауысымынан кем емес; басқа лауазымдар үшін – екіден он екі жұмыс ауысымына дейін. Бағынышты персоналдың жұмыс орындарында жедел басшыларды қайталау ұзақтығы ұйымның техникалық басшысымен бекітілетін дайындау бағдарламасымен белгіленеді. 51. Қайталау кезеңінде қайта дайындалатын қызметкер аварияға қарсы жеке мақсатты жаттығулардан өтеді. Жаттығулардың саны және олардың тақырыптамалары ұйым немесе құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен анықталады. 52. Егер қызметкер қайталау уақыты ішінде жеткілікті жедел жұмыс дағдыларына үйренбесе немесе жаттығу кезінде қанағаттандырарлықсыз баға алса, оның қайталауына жаңа мерзім тағайындалынады және қосымша бақылау жаттығуы белгіленеді. Қызметкердің дайындық деңгейі туралы және қайталауға жаңа мерзім тағайындау туралы шешімді, дублерді дайындау үшін жауапты тұлғаның пікірін ескеріп, ұйымның (құрылымдық бөлімшенің) техникалық басшысы қабылдайды. Адам (қайталаушы) қайта қанағаттандырарлықсыз баға алған жағдайда, ол кейіннен кезектен тыс білімін тексерумен қосымша оқыту жүргізу үшін еңбекті қорғау қызметіне жіберіледі. 7-параграф. Өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат беру 53. Қайта қабылданған персоналға өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат, олар осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10-параграфтарында аталған дайындық түрлерінен өткеннен кейін жүзеге асырылады. 54. Дайындықтан өткен қызметкерді өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат ұйым немесе құрылымдық бөлімше бойынша өкімдік құжатпен ресімделеді. 55. Білімді біліктілік тексеру қажет болып табылатын адамдарды өз бетімен жұмыс істеуге берілген рұқсатының әрекеті кезекті тексеру мерзіміне дейін сақталады және электр шаруашылық үшін жауапты басшысы түрінде, объектінің (құрылымдық бөлімшенің) техникалық басшысының, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша қызметтің (бөлімшенің) басшысының немесе бұл адамдармен осы Қағидаларды, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, техникалық құжаттарды және бұл адамның лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген нұсқауларды бұзған фактілер анықталған жағдайда, электр энергетикасы саласында мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау бойынша мемлекеттік органының шешімімен тоқтатылады 56. Жұмысында ұзақтығы үш аптадан екі айға дейін үзіліс болған жедел персонал өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат алғанға дейін бір-екі жұмыс ауысымы ішінде өз жұмыс орнында жоспардан тыс нұсқамадан және қайталаудан өтеді, ал жұмысында ұзақтығы екіден алты айға дейінгі үзілістен кейін – екі-алты жұмыс ауысымы ішінде жұмыс орнында жоспардан тыс нұсқамадан және қайталаудан өтеді. Қызметкер қайталау және нұсқамадан өту барысында төмендегілермен танысады: жабдықтың құрамындағы (көлеміндегі) және техникалық жағдайындағы өзгерістермен; энергия қондырғылардың схемасына сондай-ақ жұмыс режиміне енгізілген өзгеріспен; лауазымдық нұсқулық шеңберінде қайта шығарылған нормативтік және өкімдік құжаттардың, өндірістік нұсқаулықтардың мазмұнымен және бұрын шығарылған құжаттардағы өзгерістермен. 57. Жөндеу және реттейтін персонал жұмыста ұзақтығы бір айдан екі айға дейін үзіліс болған кезде, жұмысқа жіберер алдында жоспардан тыс нұсқамадан өтеді, ал екі айдан алты айға дейін үзіліс болған кезде – бір-екі жұмыс күні ішінде жоспардан тыс нұсқамадан, тағылымдамадан және аварияға қарсы жаттығулардан өтеді. 58. Жұмыста алты айдан астам үзіліс болған жедел, жөндеу және реттейтін персоналға жұмыс істеуге рұқсат осы Қағидалардың 53-тармағындағы талаптарға сәйкес қайта қабылданған персонал үшін белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. 59. Жабдық ұзақ тұрып қалған кезде немесе оның жұмыс істеу шарттары өзгерген кезде персоналды энергия қондырғыларымен басқаруға рұқсат ету тәртібі ұйым басшылығымен анықталады. 8-параграф. Нұсқамалар 60. Нұсқаманың мынадай түрлері белгіленеді: 1) кіріспе; 3) қайталама (мерзімді); 2) жұмыс орнындағы бастапқы; 4) жоспардан тыс; 5) нысаналы. 61. Бастапқы, қайталама, жоспардан тыс және нысаналы нұсқамалар өткізілгені туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орнында нұсқаманы тіркеу журналына нұсқаманы жүргізуші мен нұсқамадан өтушінің қолдарымен жазылады. Жүктелім бойынша жұмыс істелген кезде рұқсат жүктелім бланкісінің жолдарына нысаналы нұсқама өткізілгені көрсетіледі. Жоспардан тыс нұсқаманы тіркеген кезде жұмыс орнында нұсқаманы тіркеу журналында оны өткізу себебі көрсетіледі. 62. Жұмыс орнында нұсқама (бастапқы, қайталама, жоспардан тыс, нысаналы) аяқталғаннан кейін ауызша сұрау арқылы немесе техникалық оқыту құралдарының көмегімен материалды меңгергенін және қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері дағдысының болуы тексеріледі. Тексеруді нұсқаманы өткізген қызметкер жүзеге асырады. Қызметкер нұсқама материалдарын меңгермеген жағдайда нұсқамадан қайтадан өтеді. Қайталама нұсқамадан кейін материалды меңгермеген жағдайда, адам (қызметкер) келесі жоспардан тыс білімді тексерумен, қосымша оқыту жүргізу үшін еңбекті қорғау қызметіне жіберіледі. 63. Кіріспе нұсқама осы мамандық немесе лауазымы бойынша олардың біліміне, жұмыс өтіліне қарамастан барлық жұмысқа қабылданатындармен, уақытша қызметкерлермен, іссапарға жіберілгендермен, ұйымға өндірістік үйрену немесе тәжірибе үшін келген оқушылармен және студенттермен өткізіледі. 64. Кіріспе нұсқама мемлекеттік стандарт талаптарын, электр қондырғыларында қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерін ескеріп әзірленген бағдарлама бойынша өткізіледі. Кіріспе нұсқаманың осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес болжалды сұрақтарының тізбесі лауазымдық нұсқаулығы шеңберінде кіріспе нұсқаманың бағдарламасына енгізілуге жатады. 65. Жұмысқа қайта қабылданған басшылар мен бөлімшелердің мамандарды келесілермен танысады: оның басқаруына берілген объектідегі (цехтағы, бөлімшедегі және басқа) еңбек шарттарының жағдайымен және өндірістік ахуалмен; қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жұмыскерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарының жағдайымен; өндірістік жарақаттану және кәсіби сырқаттану жағдайымен; өз құзыреті шегінде лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген нормалармен. Адамдарды зиянды және қауіпті еңбек жағдайымен жұмысқа қабылдаған кезде, олар кәсіби сырқаттың пайда болу мүмкіндігі туралы жазбаша ескертіледі. 66. Кіріспе нұсқама оқытудың техникалық құралдары мен көрнекі құралдарды (плакаттар, натуралық экспонат, үлгілер, фильмдер) пайдаланып, қауіпсіздік техникасы бойынша кабинетте өткізіледі; 67. Кіріспе нұсқаманны бұйрықпен осы міндеттер жүктелген, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша қызмет (бөлімше) ішінен адам өткізеді. 68. Кіріспе нұсқама өткізілгені туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кіріспе нұсқаманы тіркеу журналына жазылады. 69. Жұмыс орнында бастапқы нұсқама қызметкердің өндірістік қызметі басталғанға дейін өткізіледі. 70. Бастапқы нұсқама төмендегілермен өткізіледі: жұмысқа қабылданатын немесе бір құрылымдық бөлімшеден басқасына ауыстырылатын барлық адамдармен; олар үшін жаңа жұмысты орындайтын қызметкерлермен; іссапарға жіберілген және уақытша қызметкерлермен; өндіріске үйренуге немесе тәжірибеге келген студенттермен және оқушылармен; 71. Бастапқы нұсқамадан жабдыққа қызмет көрсетумен, жөндеумен, реттеумен және сынаумен, құрал-сайманды пайдаланумен, шикізат пен материалдарды сақтаумен және пайдаланумен байланысты емес адамдар босатылады. Бастапқы нұсқамадан босатылған қызметкерлердің мамандықтарының (лауазымдарының) тізімін ұйымның техникалық басшысы бекітеді. 72. Жұмыс орнында бастапқы нұсқама лауазымдық нұсқаулық шеңберінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік стандарт талаптарын, қауіпсіздік ережелерін ескеріп, жеке мамандықтар (лауазымдар) үшін әзірленген бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Жұмыс орнында бастапқы нұсқаманың негізгі сұрақтарының үлгі тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшада анықталған. Бастапқы нұсқаманың бағдарламалары энергия объектісінің электр шаруашылығына жауапты адам ретінде, энергия объектісінің бас техникалық басшысымен бекітіледі. 73. Бастапқы нұсқаманы әрбір қызметкермен еңбектің қауіпсіз амалдары мен тәсілдерін тәжірибелік көрсетіп, оның жұмыс орнында жеке, бұл міндеттер бұйрықпен жүктелген, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша қызмет (бөлімше) санынан адам өткізеді. 74. Қайталама нұсқаманы, осы Қағидалардың 70 және 71-тармақтарында анықталған топтың қызметкерлері өтеді. 75. Қайталама нұсқаманы өткізу мақсаты персоналдың өндірістік және лауазымдық нұсқаулық ережелерінің білімін тиісті деңгейде ұстап тұру және білім деңгейін кеңейту, сондай-ақ жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу, қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру болып табылады. 76. Қайталама нұсқама кезінде лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген нормалардың әртүрлі тақырыбынан төрт сұрақ қосылады. Нұсқама барысында орын алған технологиялық бұзушылықтарды, жазатайым уақиғаларды, лауазымдық нұсқаулық шеңберінде электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздік техника ережелерін бұзушылықтарды талдайды. 77. Әрбір құрылымдық бөлімшелерде бас техникалық жетекшімен барлық лауазымдар мен мамандықтар үшін бір жылға арналған қайтамала нұсқама тақырыптарының тізбесі әзірленеді және бекітіледі. Нұсқаманы өткізетін адаммен осы тізбеден нұсқама тақырыптары таңдалынады. 78. Қайталама нұсқама қызметкердің тікелей әкімшілік-техникалық немесе жедел басшысымен (цех, бөлімше, қызмет, зертхана бастығымен, бастықтың орынбасарымен, шебер, ауысым бастығы және басқалармен) өткізіледі. 79. Қайталама нұсқама жеке жүргізіледі. Біртектес жабдыққа және ортақ жұмыс орны шегінде қызмет көрсететін қызметкерлер тобы бар болғанда, қайталама нұсқама барлық топ үшін жүргізіледі. Қайталама нұсқама кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. 80. Жоспардан тыс нұсқама: 1) энергия қондырғыларды лауазымдық нұсқаулықпен бекітілген нормаларды қозғайтын қауіпсіз пайдалану тәртібін белгілейтін жаңа нормативтік құжаттардың талаптарын (өзгертулерін) белгілеген; 2) технологиялық процесс өзгерген, жабдықты, құрылғыларды және құрал-саймандарды, жанармайды, материалдарды және басқа да өндіріс факторларын ауыстырған немесе жаңартқан; 3) жұмыс істеушілер жарақатқа, технологиялық бұзушылыққа әкелген немесе әкелуі мүмкін ережелерді немесе нұсқаулықтарды бұзған; 4) жедел персоналдың үш аптадан астам, жөндеу және реттеу – бір айдан астам жұмыста үзіліс болғанда, басқа қызметкерлер үшін – екі айдан астам жұмыста үзіліс болған; 5) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның немесе жоғары тұрған ұйымдардың техникалық басшыларының талап етулері кезде жүргізіледі. 81. Жоспардан тыс нұсқаманы өткізу осы Қағидалардың 78 және 79-тармақтарында көрсетілген тәртіпке сәйкес жүзеге асыралады. 82. Нұсқаманың көлемі мен мазмұны оны өткізуге қажеттілік тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда анықталады. 83. Алыстағы учаскелердің жедел персоналы үшін жоспардан тыс нұсқама телефон арқылы өткізіледі. Мұндай учаскелердің тізімін ұйымның техникалық басшысы бекітеді. 84. Нысаналы нұсқама мамандығы бойынша тікелей міндеттерімен байланысты емес бір жолғы жұмыстар персоналмен орындалған кезде (тиеу, түсіру, аумақты тазалау және басқа), апат, табиғи апат және зілзаланың салдарын жойғанда, жүктелім және өкім бойынша жұмыс жүргізгенде, сондай-ақ объектіде экскурсия өткізгенде жүргізіледі. Біртипті жабдықты күтуші қызметкерлер тобы бар болған жағдайда және жалпы жұмыс орны шегінде нысаналы нұсқама барлық топ үшін өткізіледі. 9-параграф. Бақылау жаттығулары 85. Технологиялық бұзушылықтарды жоюдың тәжірибелік дағдыларына үйрену және авариялық қаупі жағдайында энергия объектісінің жұмысқа қабілетін қамтамасыз ету үшін объектінің бүкіл персоналы аварияға қарсы бақылау мақсатындағы жаттығуларына қатысады. 86. Бақылау жаттығуларының мерзімділігі, дайындық тәртібі, өткізу және талдауы энергетикалық ұйымдарымен әзірленген техникалық құжаттармен анықталады. 87. Дәлелді себептерсіз бақылау жаттығуларына қатыспаған адамдарға қосымша жеке бақылау жаттығу тағайындалынады, бірақ өткізіп алған бақылау жаттығуларының күнінен саналатын он бес күннен тез және отыз күннен кеш емес күнтізбелік мерзіммен. Қызметкер аварияға қарсы жаттығудың материалдарын меңгермеген жағдайда, келесі жоспардан тыс білімді тексерумен, қосымша оқыту жүргізу үшін еңбекті қорғау қызметіне жіберіледі. 10-параграф. Біліктілігін арттыру немесе растау 88. Персоналдың біліктілігін арттыру немесе растау қызметкерлердің біліктілік деңгейін растау өзгерістегі өндірістік шарттарға сәйкестендіру, оларда кәсіпқойлықты арттыруды негіздеу мақсатында, басшылар мен мамандарды қызметін ауыстыруға дайындау, жұмысшыларға біліктілік дәрежесін беру мақсатында жүргізіледі. 89. Персоналдың біліктілігін арттыру немесе растау төмендегі түрлерде жүзеге асырылады: 1) қызметкерді өз бетімен жүйелі дайындау (өздігінен білім алу); 2) өндірістік-экономикалық курстарда және нысаналы мақсаттағы курстарда оқыту; 3) қысқа мерзімді кезеңдік мамандандырылған оқыту; 4) ұзақ мерзімді кезеңдік оқыту; 5) жетекші ғылыми ұйымдар мен оқу ғимаратының озық өндірістік ұжымдардың тәжірибесін меңгеру. 90. Техникалық басшылар мен мамандарды қысқа мерзімді кезеңдік оқыту енгізбелік ғылыми-техникалық, экономикалық және ұйым саласының деңгейінде туындайтын басқа да міндеттерді шешу мақсатында, үш жылда бір реттен кем емес мерзілімдігімен, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау жүйесінің оқу ғимараттарында (бөлімшелерінде) өткізіледі. 91. Басшылар мен мамандарды ұзақ мерзімді кезеңдік оқыту кемінде бес жылда бір рет ғылым және техниканың ең жаңа жетістіктерін, өндірісті басқарудың және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заман әдістерін тереңдете оқу және тәжірибелік меңгеру үшін кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау жүйесінің оқу ғимараттарында өткізіледі. 92. Жұмысшылардың біліктілігін арттыру немесе растау өндірістік-техникалық курстарда, нысаналы мақсаттағы курстарда өткізіледі. Жұмысшылардың оқу түрлері, ұзақтығы және мерзімдігі өндірістік қажеттілікке, қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейіне және әрбір жұмысшының міндетті